Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Биыл біліктілікті арттыру курстарынан қанша мұғалім өтті?

08.12.2025

48 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту тұрғысында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Биылғы жыл басынан бері орта білім беру жүйесінің жалпы саны 91 мыңнан астам педагогі тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарламалар бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерін қамтып отыр. Сондай-ақ, педагогтер инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілік бағыттары бойынша да дәріс тыңдаған.

Министрліктің мәліметінше, 70 мыңға жуық сала маманы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында курстан өтсе, 18 мыңға жуығы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында оқытылды. Сондай-ақ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында арнайы тегін курстар ұйымдастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: