Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл елдегі ғалымдардың жалақысы 2 есе өсті

12.12.2022

510 0

Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Үкімет тарапынан ғылым саласына да ерекше көңіл бөлініп отыр.

Ғылымның дамуына серпін беру үшін тиісті 5 жылдық ұлттық тұжырымдамасы қабылданды. Биыл ғалымдардың жалақысы 2 есеге ұлғайтылды. Жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін 1000-нан астам грант бөлінді, 400-ден астам ғалым әлемдік ғылыми орталықтарға стажировкаға жіберілді. 3 жетекші шетелдік зерттеу жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды, – деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Айтуынша, тағы 2 филиалдың ашылуы пысықталып жатыр. 

Келесі жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы әзірленеді.Білім беру саласында жыл басынан бері 34 мың орындық 325 балабақша ашылды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі қамту 98%-ті құрады. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бекітілді. Биыл 106 мың орындық 201 мектеп ашылды. 2026 жылға дейін 842 мың оқушы орнына арналған 400-ден астам жаңа мектеп ашылады, – деді Әлихан Смайылов. 

бСонымен қатар Бүгінгі таңда 410 колледж 500-ге жуық кәсіпорынға мердігерлікке берілген. Ал 2025 жылға қарай колледж оқушыларының 100%-і тегін кәсіптік біліммен қамтылады.

baq.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: