Бейсенбі, 13 қараша, 18:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Биыл колледждердің қанша қызметкері курстардан өтті?

13.11.2025

44 0

Фото: Oqu-agartu ministrligi

«Talap» КЕАҚ ұйымдастырған заманауи педагогикалық құралдарды енгізу, білім беру процесін цифрландыру және тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейту бағытында біліктілікті арттыру курстарынан биыл 5000-ға жуық колледж қызметкері өтті. Оның ішінде 4500 педагог пен 580 колледж директоры қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, курстар 11 бағыт бойынша жүргізілді, оның ішінде IT, электр энергетикасы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тігін және дәнекерлеу өндірісі, автомобиль көлігі мен қоғамдық тамақтану салалары бар.

Сала ведомствосына қарасты Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтің айтуынша, колледж директорларының және орынбасарларының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

«Оқыту бағдарламалары басқарушылық құзыреттерді дамытуға, бизнес-процестерді тиімді басқаруға және колледждердің цифрлық трансформациясына бағытталды», деп атап өтті Ә.Мұханбетов.

Педагогтер еліміздің жетекші өндірістік алаңдарында ұйымдастырылған тағылымдамада өз білімдерін жетілдіріп, салалық озық тәжірибелерді меңгерді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: