Соңғы қоңырау оқу жылының 3 597 159 оқушысы үшін соғылды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Бұл оқушылар саны бойынша соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.»Олардың басым көпшілігі Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында», – делінген хабарламада.
Биыл 171 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Олардың 8 139-ы «Алтын белгіден» үміткер.Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы мектептердің біріне барып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады және түлектерге сәттілік тіледі.
Министр биыл түлектерге мемлекеттік грант үшін жоғары балл алуға екі мүмкіндік берілгенін атап өтті. Сонымен қатар биыл грант саны да 15 мыңға артты. Колледжге түсушілерге 45 мың грант бөлінді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!