Оқу-ағарту министрлігі өкілдері биыл қанша оқушы мектеп бітіретінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, шамамен 3,9 млн қазақстандық оқушы 2024-2025 оқу жылын тәмамдайды, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.
Сондай-ақ сәуір айының басында министрлік өкілдері 2025 жылы 370 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратынын хабарлаған еді. Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталып кетті.
Айта кетейік, былтыр 186 мың қазақстандық оқушы мектеп бітірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!