Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Болашақ» бойынша оқып келгендердің грант ақысын еңбекпен өтеу мерзімі қысқарады

17.11.2022

559 0

“Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелде оқып келгендердің грант ақысын еңбекпен өтеу мерзімі қысқарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл жеңілдік демеуші не университет және жұмыс берушілер тарапынан қаржыландырылып, қалған шығынын  “Болашақ” бағдарламасы өтеген түлектерге арналған. 

«Қазір еңбекпен өтеу мерзімі республикалық маңызы бар қалаларда 5 жыл болса, енді ол 4 жылға дейін қысқарады. Ал басқа өңірлерде бұл мерзім 3 жылдан 2 жылға дейін қысқартылады», – дейді Халықаралық бағдарламалар орталығының төрағасы Әнуар Жанғозин. 

Оқуын аяқтап, Global Fortune 500 тізіміндегі жетекші компаниялардың біріне жұмысқа тұрғандарға да жеңілдік беріледі екен. Олар Қазақстанға оралмай, бір жыл сол кәсіпорында қызмет ете алады. 

«Әзірге біз осындай жұмыс үшін 12 ай мерзімді қарастырып отырмыз. Дегенмен алда бұл мерзімдерді ұзарту мүмкіндігін ойластырамыз», – деп мәлім етті Әнуар Жанғозин. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: