Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?

18.05.2022

811 0

Елімізде 23 мамырда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.

Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылады. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Авиация және аэроғарыштық техника. Әуе қозғалысын басқару», «Үлкен деректерді талдау», «Жаңа материалдар технологиясы», «Деректер базасын басқару», «Авиациялық техника және технологиялар», «Машина жасау», «Өнеркәсіптік автоматтандыру» және т.б.», – деді ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған. Еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде осы жылы тізілімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Сонымен қатар олардың 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енді. Жалпы, басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ке кеңейтілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Басым мамандықтар тізімі, ұсынылатын университеттер тізімі, қажетті құжаттар тізімі бойынша сілтемелерге өтуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: