Қазіргі таңда отандық және әлемдік ғылыми қауымдастықта ғалымның рөлі ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі немесе қатысушысы болуымен өлшеніп жатыр.
Осы себептерге байланысты «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасын түсіндіру бойынша «Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы дайындау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысы барысында ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді. Конкурстық құжаттама талаптарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасалды. Семинар жұмысына «Болашақ» универитетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар соңында ұйымдастырушылар тарапынан барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Семинарды «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов жүргізді.
«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!