Сәрсенбі, 06 тамыз, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Болашақта қай мамандықтарға сұраныс артады?

06.08.2025

65 0

фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабына сәйкес, 2025-2035 жылдар аралығында ел экономикасына шамамен 2,98 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл көрсеткіш орта мерзімді еңбек нарығы болжамы аясында жасалған.

Министрлік мәліметінше, кадрларға деген жиынтық сұраныстың:

  • 28%-ы немесе 825 мың адам нақты секторда қалыптасса,
  • 72%-ы немесе 2 миллион 153 мың адам қызмет көрсету саласына тиесілі болады.

Қызмет көрсету саласындағы мамандарға сұраныстың негізгі бөлігін қоғамдық қызмет көрсету саласы құрап отыр. Атап айтқанда:

  • Білім беру саласында – 448 мың маман,
  • Денсаулық сақтау саласында – 240 мың маман қажет болады.

Сонымен қатар, шамамен 634 мың адамға деген сұраныс бизнес-қызметтер саласына тиесілі болмақ. Бұл сала:

  • Әкімшілік және қосалқы қызметтерді – 170 мың адам,
  • Қаржы және сақтандыру саласын – 166 мың адам,
  • Кәсіптік және ғылыми қызметтерді – 160 мың адам қамтиды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: