Сәрсенбі, 24 қыркүйек, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Брифингте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

23.09.2025

40 0

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Абдраманов Ермахан Әділханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлының қатысуымен білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі мәселесіне арналған брифинг өтті.

Баспасөз конференциясында соңғы уақытта қоғамда үлкен резонанс тудырған – балаларды тасымалдау қызметіне байланысты өзекті мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, соңғы айларда Қызылорда қаласында «Күнім-ай» және «Ералаш» балабақшаларына қатысты екі жол-көлік оқиғасы орын алғаны белгілі. Бұл жағдайлар балалардың ұйымдастырылған түрде тасымалдануын қатаң бақылаудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Брифингте ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығына сәйкес, балаларды тасымалдау тек арнайы талаптарға сай автобустармен жүзеге асырылуы керектігі түсіндірілді.

Мұндай көліктер «Балалар тасымалы» деген таным белгісімен, сары түсті жарық сигналдарымен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ, тек тиісті санаты бар, кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілер ғана тасымалдау қызметін атқара алады.

Сонымен бірге, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы №349 бұйрығына сәйкес, ұйымдастырылған топпен жеті жастан асқан балаларды ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Ал жеті жасқа толмаған балаларды тек ата-анасы, заңды өкілі немесе білім беру мекемесінің қызметкерлері жеке алып жүруі тиіс.

Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығына ерекше назар аударылды. Аталған құжатқа сәйкес, мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы келісімшартта баланы мас күйдегі ата-анаға немесе кәмелетке толмаған туысына бермеу міндеті нақты көрсетілген. Сондай-ақ, ата-ана баланы тек тәрбиешіге жеке тапсырып, одан алуға міндетті екендігі айтылды.

Брифингке қатысушылар қазіргі таңда жеке балабақшалардың ұйымдастырып отырған тасымал қызметі бұл талаптарға сәйкес рәсімделмегендігін айтып, ата-аналарды балалар қауіпсіздігін заңды негізде қамтамасыз етуге шақырды.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: