Сәрсенбі, 05 қараша, 12:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

«ChatGPT» білім саласына енеді

05.11.2025

60 0

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында АҚШ-қа барған сапарында «OpenAI» компаниясымен серіктестік орнатуға уағдаласып келген еді. Бұл келісім білімге бағытталған. Жасанды интеллект саласындағы алып компания технологияларын қанатқақты жоба ретінде бастауға қолайлы деп елімізге қызығушылық танытып отыр , – деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық форумда сөйлеген сөзінде жасанды интеллектінің еліміз үшін ең басты бағыт екенін тағы да атап өтті.

– Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту және басқа салалармен жан-жақты интеграциялау ең жоғары стратегиялық басымдық саналады. ЖИ сарапшылары мен мамандарын даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Осы мақсатта жыл басынан бері «AI Sana» бағдарламасын іске қостық. 540 мыңнан астам студент оқу курсынан өтті. Бұдан бөлек, жасанды интеллект барлық мектеп пен университетке міндетті курс ретінде енгізілді. Елімізде Жасанды интеллект университетін ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, –деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ «ChatGPT» негізінде білім беру құралдарын енгізу жөніндегі қанатқақты жобаны білім саласындағы цифрлық трансформация ретінде таныстырды.

– Нәтижесінде, Қазақстан «ChatGPT» негізінде білім беру құралдарын енгізу жөніндегі қанатқақты жобаны жүзеге асыра бастады. Аталған бастамалар арқылы отандық білім  саласында жасанды интеллект әлеуетіне сүйене отырып, кешенді цифрлық трансформация жасалып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақ–Америка универси­тетінің Президенті Асылбек Исақовтың айтуынша, бүгінде еліміз «OpenAI» компаниясымен ынтымақтастық орнату мақсатында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

– «OpenAI» тарапынан елімізге үлкен қызығу­шылық бар. Компания техно­ло­гияларын білім саласында сы­нақтан өткізуге дайын және елімізді қанатқаты алаң ретінде таңдауға ықылас білдіріп отыр. Біз мұндай жаһандық серік­теспен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – дейді ол.

Қанатқақты жоба аясында «ChatGPT» білім беру үдерісіне енгізіліп, студенттердің оқу тиімділігін арттыру мақсат етіп қойылды. Жобаның тиімділігі студенттердің білім сапасы арқылы бағаланбақ.

– Әрбір университет өз ерекшелігіне қарай «ChatGPT» сияқты құралдарды сабақ барысына пайдалану жолдарын қарастырып жатыр. Бұл студенттер үшін оқу үдерісін барынша ыңғайлы әрі нәти­желі етуге мүмкіндік береді. «ChatGPT» қолданылғаннан кейін студенттердің білім деңгейі тереңдеп, ойлау қабілеті арта ма, жоқ па бақыланатын болады. Өйткені жасанды интеллект оқу материалын тиімді меңгеруге, ақпаратты жылдам өңдеуге, талдау жасауға мүмкіндік береді, –дейді А.Исақов.

Осылайша, елімізде «ChatGPT» негізіндегі қанатқақты жоба білім жүйесінің цифрлық трансформациясындағы маңыз­ды қадам болмақ. Сарап­шы­лардың айтуынша, бұл бастама елдің білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, студенттерге заманауи технологиямен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: