Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Цифрлық білім беру мен ақпараттық көмек көрсетуді үйлестіретін орталық ашылды

28.10.2021

843 0

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Омбудсмені Майра Айсина Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан ашылған қызмет көрсету орталығымен танысып, профессор-оқытушылар және білім алушылармен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтің цифрлық саладағы қызметтерін кеңінен түсіндіру жұмыстарын тапсырған болатын.

Осы ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Күміс университет» тұжырымдамасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ерікті жастары цифрлық білім беру мен ақпараттық көмек көрсету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Сонымен қатар, бүгін ашылған арнайы орталықта ерікті жастар қаламыздың егде жастағы зейнеткерлері мен қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Еріктілердің жұмыс барысымен танысқан Майра Арапқызы өзге жоғары оқу орындарына «Цифрлы Қазақстан – бәсекеге қабілетті Қазақстан!» ұранымен жолданған челленджге қатысып,еліміз бойынша осындай бастамаларға атсалысуға шақырды. 

         Университеттің Студенттер сарайында өткен кездесуде Майра Арапқызы кеңінен баяндама жасап, ғалымдар мен жастар өкілдері тарапынан көптеген маңызды ұсыныстар айтылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: