Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Дархан Қыдырәлі «Журналист сөз алдындағы жауапкершілікті сезінуі керек»

03.11.2022

962 0

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика мамандығының студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Сыр бойы.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Н. Сақтағанов, университеттің басқарма төрағасы-ректоры Бейбіткүл Каримова қатысты.

Дархан Қыдырәлі «Журналист сөз алдындағы жауапкершілікті сезінуі керек»

Кездесуде студенттердің сұрақтарына жауап берді. «Журналистика төртінші билік бола ала ма? деген сауалға, журналистің өзін кәсіби тұрғыдан көрсете алуына байланысты. Тексерілген ақпарат сәл кештеу шығуы мүмкін бірақ сауатты нақты дәлелмен жазылады. Жылдам ақпарат таратамыз деп бүлдіріп алып жатады. Журналист пен блогер қатар қарайтын дүние емес. Журналистің орны қашанда жоғары. Мемлекеттік БАҚта істесе де, жеке басылымда істесе де журналистің өзіне байланысты. Журналистерге айтарым сенімді ақпарат таратуға, журналистің қадірін түсірмеуге, ізденіп, еңбек етсе деймін. Бұл журналистке де, халыққа да жақсы. Журналистке керемет сөздің шебері болудан бұрын білікті болу маңызды. Жақсы жазып, жақсы сөйлеу алуы керек. Сөз алдындағы жауапкершілікті сезіну керек» деді министр.

Жастармен дидарласу сәтінде «Бірінші телеарнаға баруға асығады. Мен газетке барып, жазуға машықтануға шақырамын. Жазуға төселсе, кейін кез келген арнадан орын таба алады» деген кеңестерін айтты.

Дархан Қыдырәлі «Журналист сөз алдындағы жауапкершілікті сезінуі керек»

Университеттің аға оқытушысы Аягөз Әбдіразақова министрдің сөзін қоштап, оқу орны «Сыр Медиа» серіктесітігінің «Ақмешіт жастары» газетімен келісімге келгенін айтты. Ол арқылы жастар өндірістік тәжірбиеден өтуде деп пікір білдіріп, уақыт бөліп келгеніне алғыс білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: