Жексенбі, 01 маусым, 00:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

Дарынды балалар марапатталды

30.05.2025

238 0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов өңіріміздің намысын республика көлемінде қорғап жүрген дарынды балалармен кездесу өткізді. Қабылдауға ғылым, өнер, спорт және білім салаларында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар шақырылды.

Кездесуге келген халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар, ғылыми жобалар байқауы және түрлі мәдени шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарына облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлық табысталды. Сыр дарындары Венгрия, Грузия, Түркіменстан, Түркия елдерінде, Молдова Республикасы астанасы Кишиневте, Египет мемлекетінің Александрия қаласында, Ташкент, Баку, Өзбекстан мемлекетінің Бұхара қаласы және Астана, Алматы қалаларында өткізілген түрлі білім бәсекесі мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары.

Айта кетейік, облыс әкімінің қолдауымен Сыр дарындыларының олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарынан жоғары нәтиже көрсетуіне Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» мен Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтарында “Сыр дарыны” оқу-жаттығу жиыны үш жыл қатарынан жұмыс жасап келеді. Оқу-жаттығу жиынына олимпиадалық резерв мектептерінің 7-10 сынып оқушылары аралығында үздік нәтиже көрсеткен 960 оқушы жыл бойы үзбей жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, физика, химия, биология, география, информатика) пәндері бойынша дайындық сабақтарына қатысады. Шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдер заманауи жабдықталған лагерь кабинеттерінде оқу- жаттығу сабақтарын жоғарғы деңгейде жүргізіп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: