Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Динара Жаңабергенова: Жаңа оқу жылында санитарлық талаптардың сақталуы маңызды

29.08.2021

898 0

Қызылордада өткен оқу жылының басынан бастап мектеп жасындағы балалар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1132 жағдайы тіркелсе, студенттер арасында 47 жағдай анықталған.

Осы орайда Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова жаңа оқу жылында санитарлық талаптардың сақталуы маңызды екенін айтты.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл мектептерде оқу процесі күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып ұйымдастырылатын болады. Коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды. Мәселен облыстың барлық оқу орындары «Ashyq» жобасына қосылды, мұғалімдер вакцина алуда, мектептер қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Білім беру нысандарында педагогтар, персонал және білім алушылар күнделікті «кіру» сүзгісімен қамтамасыз етіледі. Оқу маусымында орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылған талаптардың орындалуы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қатаң бақылауында болады», – деді Динара Олжабайқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: