Сапасыз білім беріп, тек диплом таратумен айналысқан еліміздегі 5 жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды СН.КЗ.
“Соңғы 2-3 жылда диплом тарататын университеттермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 15 университет жабылды. 5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Биыл 28 рет мемлекеттік бақылау жүргіздік. Оның 14-і – жоспарлы түрде, қалғаны – профилактикалық бақылау”, – деді министрдің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!