Сенбі, 31 мамыр, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай семинар өтті

30.05.2025

171 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде “Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік негіздері және экология” білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және болашақ мамандардың экологиялық сауаттылығын арттыру болды.
Семинарға Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Қуаныш Бурибай, Санитарлық-гигиеналық зертхана меңгерушісі Айнұр Шойбекова, Инженерлі-технологиялық институтының директоры Бақытбек Абжалелов, сонымен қатар “Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология” білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.
Жиын барысында сала мамандары қазіргі экологиялық жағдайға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдарына, өндірістік мекемелердің экологиялық жауапкершілігіне және жас ұрпақтың табиғатты аялаудағы рөліне тоқталды.
Семинарда студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға сала мамандарынан нақты жауап алды. Сондай-ақ, кездесуде экологиялық мәселелерді шешуде жастардың белсенділігін арттыру қажеттілігі айтылды.
Іс-шара соңында ғылыми-зерттеу жұмыстарында үздік нәтиже көрсеткен студенттерге алғыс хат табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: