Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ел болашағы өскелең ұрпақ

17.02.2021

1616 0

Аймақ басшысы Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызының 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуі барысында Сыр өңірінің бүгіні мен ертеңгі келешегіне байланысты жан-жақты айтылуы маған өз әсерін қалдыра алды. Өзім білім саласында ұстаздық қызмет ететіндіктен осы саладағы өз ойымды білдіргім келді.

Мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі білім беру саласы болғандықтан, қазіргі пандемия кезінде өскелең ұрпаққа сапалы білімді оффлайн және онлайн режимінде беру жүзеге асып келеді. 1-4 сыныптар және 5 сыныптарда кезекші сыныптардың ашылуымен қатар және 9 және 11 сыныптарда дәстүрлі оқу жүйесіне көшуі барысында мектептердің оқу жүйесінде жаңа серпіліс пайда болды. Алдымен ата-аналар зор сенім білдіріп балаларын оффлайн режимінде оқуға жібере бастауы ұстаздар қауымына үлкен күш берді. Мемлекет тарапынан қашықтықтан оқытуға байланысты туындаған мәселелерді шешуде мектептерге компьютер мен құрал-жабдықтарын беруді қолға алуы алдымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың білім алуға деген сенімдерін одан әрі арттыра түсті. Биылғы оқу жылынан бастап білім ордаларын жан басы бойынша қаржыландырудың қолға алынуы негізінде қаржыландыру теңдігі мен әділдігі, мектептердің бәсекелесу қабілетінің артуы,  педагогикалық ұжымның нәтижелі жұмысқа ынталануына, мемлекет қаражатын барынша тиімді пайдалануға, мектептердің материалдық оқу базасын нығайтуға кең жол ашты. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту интернет ресурстары көмегімен жүзеге асырылатындықтан, нақты іс-әрекетке көшу барысында Сыр өңірінің ауылдық мектептерінде ақпараттық қамтамасыз ету, оқу материалын игеру сапасы, білім мазмұны бар платформаларға байланысты екендігі ескеріліп, оң шешімдерін таба алды. Үш ауысымды мектептер мәселесін шешудің басты шарты жаңадан бой көтерген білім ордаларының есебінен шешілетіндіктен, осы бағыттағы жұмыстар өз шешімін таба алды. Қазіргі қиын кезеңде экономикамыздың даму ахуалы ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек етуіміз және оқушыларымыздың білім игеруге деген құлшынысының артуы,  ұстаздарымызға үлкен жауапкершілік жүгін артады.

Ләззат Өтегенова,

3 ІТ мектеп директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: