Сейсенбі, 30 қыркүйек, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Елімізде 314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді

30.09.2025

93 0

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап елімізде қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біріңғай мемлекеттік тапсырысты орналастырудың пилоттық жобасы Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – оқушыларды шығармашылық, спорттық және білім беру бағытындағы тегін үйірмелер мен секциялармен кеңінен қамту.

Бүгінгі күні 300 мыңнан астам бала қосымша білімге ваучер алды. Ата-аналар өз балалары үшін үйірмелер мен секцияларға өздері таңдайды. Қажет болған жағдайда олар құжаттарды қайта тапсырмай-ақ, үйірмені өзгерте алады. Бұл ретте ваучер сақталады, – деп атап өтті Тәрбие және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин.

Қаржыландыру «бір балаға – бір ваучер» қағидаты бойынша беріледі. Мұндай тетік барлық оқушылар үшін тең мүмкіндік жасап, ашықтықты қамтамасыз етеді және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермейді.

Айта кету керек, бұл жоба Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Оқу-ағарту, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: