Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев 2025 жылы 28 қазанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қазақстан мектептерінде алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәніне бөлінетін сағаттарды арттыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Мұрат Олжабаев қазір мектептерде Алғашқы әскери даярлық пәніне өте аз сағат бөлінетінін баса атап өтті.
«Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, АӘД бағдарламасын қарастыруда. Онда сағаттарды арттыру жайы да қамтылады. Сондай-ақ, әскери-патриоттық тәрбие беру және алғашқы әскери дайындық бойынша қосымша сабақтар өткізу жөнінде іс-шаралар да көзделеді», – дейді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
