Дүйсенбі, 13 қазан, 11:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Елімізде инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс өтеді

13.10.2025

52 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алматыда 2025 жылғы 15-17 қазан аралығында инклюзивті білім беру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара – World Inclusion Congress (WIC 2025) өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форум Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы әкімдігінің қолдауымен, Ұлыбританиядағы International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP) және қазақстандық “HOPE” қорының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Инклюзивті білім беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық балаға тең мүмкіндік жасаудың маңыздылығын үнемі атап келеді.

Конгреске 40 елден 1200-ден астам делегат қатысады. Олардың қатарында министрлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдар, жетекші университеттер мен EdTech компаниялардың өкілдері бар.

Шарада педагогикалық инновациялар, технологиялық жетістіктер мен жасанды интеллекттің рөліне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, инклюзия саясаты мен халықаралық ынтымақтастық тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен пленарлық сессиялар өтеді.

Конгресс аясында цифрлық технологиялар мен қолжетімді ортаға арналған инновациялық көрме ұйымдастырылады. Іс-шара соңында инклюзивті білім берудің болашағын айқындайтын Алматы декларациясының жобасы талқыланбақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: