Бейсенбі, 02 қаңтар, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды

30.12.2024

261 0

Қазақстанда конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді.
Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды.
Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады деп жоспарлануда. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді.
Бес жоғары оқу орнына (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) зерттеу университеті мәртебесі берілді.

@KZgovernment

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: