Бейсенбі, 20 қараша, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Еліміздегі 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды

20.11.2025

40 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік балалар күніне орай мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазды. Оған бір мезгілде республика бойынша 1,5 млн бала қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бастама «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің барлық мектептерінде 7–11 сынып оқушылары үшін арнайы сынып сағаттары өткізіліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған біріңғай мазмұндама жазу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы, заңға бағынудың қоғамдағы рөлі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.

Республикалық акция жасөспірімдердің құқықтық білімін нығайтуға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: