Алдағы уақытта мектеп дәретханасында бейнекамералар орнатылуы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі қазір бұл мәселенің кем-кетігін пысықтап жатыр. Әуелі бұл сұрақ халық алдына ашық ұсынылып, қоғамдық талқылау жүргізіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Үкімет мұндай қадамға кейінгі кезде мектепте жиілеп кеткен буллинг кесірінен баруға мәжбүр. Ведомствоның мәліметінше, елімізде әрбір бесінші оқушы қатарластарынан тепіріш көреді және соның барлығы дәл осы дәретхана ішінде болады екен. Себебі мектеп дәлізінде камералар әр бұрышта орналасқан.
«Камераны дәретханада орнықтырған мәселені шешкенімен, кешенді шешкен дұрыс. Осыған біз бағытталып отырмыз. Әрине, камераны дәретханаға орнату мәселесі арнайы мамандармен, сарапшылармен ақылдасуды талап етеді. Өйткені бұл – жеке адамның құқығына әсер ету. Мәселесі ертең көтерілуі керек. Әрнәрсені баппен-байыппен қараймыз», – дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!