2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Мемлекеттік бақылау 4 желтоқсанда Президент қол қойған заңмен реттеледі. Бақылаудың арнайы тәртібі бекітіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Бұл тәртіп уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарды қызметі басталар алдында және оны көрсету барысында кенеттен тексеруге құқық береді.
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді.
«Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеру тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», деді Н.Оспанова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
