Жұма, 30 тамыз, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68-2078
27.08.2024
PDF мұрағаты

Енді білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылады

29.08.2024

147 0

Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылады, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Балабақша, мектеп, колледждерде 1 қыркүйектен бастап балаларға қорғану негіздері бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Оқу-ағарту министрлігі «Жеке бас қауіпсіздігі» тақырыбында 130 сабақ әзірледі.

«Сабақтың мақсаты – балалардың бойында жеке қауіпсіздік және басқаларды қорғауға қатысты саналы, жауапты қарым-қатынас қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минут шамасында өткізіледі, бір тақырып жылына үш рет қайталанады.

Сабақ барысында практикалық кеңестер, ойындар, интерактивті әдістер, демонстрациялар, бейнероликтер, т.б. қолданылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: