Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Енді колледждер онлайн оқытуға ауыса алады» – Министр

06.11.2024

606 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәжіліс отырысында елімізде колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда бұл өзгеріс барлық мамандыққа қатысты емес деді ол. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің сөзінше,  онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Экономиканы цифрландыру жағдайында ерекше сұранысқа ие IT-мамандықтарға басты назар аударылмақ.

Ведомство басшысы мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже бергенін айтты. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған.

«Бүгінде еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледждер жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен еңбек қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру болып отыр», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: