Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады

11.03.2021

1655 0

Министр педагог жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Ол толығымен электрондық форматта жүреді, – деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары

2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Енді 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, ол педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Ол толығымен электрондық форматта жүреді. 

Бұдан бөлек, айтуынша, кадрлар дайындау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары күшейтілді. Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтарға төленетін стипендия 42 мың теңгеге дейін артты.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: