Сенбі, 10 қаңтар, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Енді оқушының сабаққа дайындығын ЖИ бағалайды

09.01.2026

86 0

фото: gov.kz

Астана қаласында мектеп оқушыларының сабағына психологиялық дайындығын жасанды интеллект (ЖИ) бағалайды. Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінде білім беру үдерісіне жасанды интеллект негізіндегі жаңа әлеуметтік платформа енгізілді, деп хабарлады елорда әкімдігі, – деп хабарлайды  kursiv.media

Соны бастама авторы – информатика пәнінің мұғалімі, педагог Нұрхат Плалов. Жаңа платформа жасанды интеллект көмегімен оқушылардың сабақ басталар алдындағы көңіл күйін анықтауға мүмкіндік береді.

«Жүйе оқушылардың психологиялық ахуалын талдап, олардың білім алуға дайындығы мен оқу үдерісіне деген ынта-жігерін бағалайды», – деп таратты әкімдік.

Бұл өз кезегінде мұғалімге сабақ барысын тиімді жоспарлауға және әр оқушыға жеке көзқараспен қарауға жол ашады.

Платформаның басты артықшылығы – қолжетімділігі мен қарапайымдылығы. Оқушыға жүйеге кіріп, өз көңіл күйін белгілеу үшін бар болғаны бір минут уақыт жеткілікті.

«Жиналған деректер автоматты түрде өңделіп, жалпы сыныптың немесе жекелеген оқушылардың эмоционалдық жағдайы туралы нақты ақпарат береді».

Жоба мақсаты – тек технологияны қолдану емес, ең алдымен оқушылардың психологиялық жай-күйіне көңіл бөлу. Себебі оқушының көңіл күйі оның сабаққа деген қызығушылығы мен оқу нәтижесіне тікелей әсер етеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: