Жексенбі, 24 қараша, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Енді студенттерге оқу ақысын төлеу үшін несие берілуі мүмкін

15.01.2024

451 0

Фото: Н.Нұржаубай

Қазақстанда Жоғары оқу орнының студенттері, магистранттар, докторанттарға оқу ақысын төлеу үшін несие берілу жағы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру несиесін әзірлеп, қоғам талқысына ұсынды.  Онда көрсетілгендей, несие ұлттық валютамен 10 жылға беріледі. Төлем оқу орнын бітірген соң емес, қарыз берілгеннен кейінгі айдан басталады. Төлем уақыты студент академиялық демалыс алса шегеріледі.

Несиені алу үшін үміткер Қазақстан аумағындағы университеттің не одан кейінгі оқу орнының студенті болуы керек. Тәлімгердің қолында оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде қаражаты барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шарты болу керек.

Егер студент ата-ана қамқорлығынсыз қалса – тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті Қазақстан Республикасының бір азаматы кепіл болуы қажет. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге соңғы талап – міндетті емес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: