Ия, бұл сөзді күнде естіп жүрген соң, мұның астарына мән бермейтініміз анық. Аты айтып тұрғандай есіңді тандырып, жолдан тайдыратын бұл нәрсе-талай адамның ғұмырын жалмады.
Осы орайда, өзімнің барша тыңдарманыма өз үндеуімді жасағым келеді.
Қанша әкені отбасынан, жасөспірімдер арасында балалық шағынан айыратын, еріксізден тәуелділікке салатын да – есірткі.
Ол адамды сең соққан жандай сенделтіп, бөгде әлемде жүргендей күйге салып қана қоймай бұл өмірдің қызығынан қол үздіреді.
Ең өкініштісі адамның арман-мақсатынан қол үздіріп, адам деген атын ұмыттырады.
Сондықтан қызығушылықпен шырмауықтың шырмауына шырмалмайық, ағайын! Дәніккеннен құныққан жаман дәмекші, бұл нәрсеге бір бойды үйретсек, ары қарай бұл қақпаннан шығуымыз екіталай.
Арманымызды болмашы бір, титтей де пайдасыз дүниеге айырбастаудан іргемізді аулақ салайық!
Осы айтылған үндеуді өзге адамдарға да таратып, қауіптің барын ескертейік.
Есірткіге сіз бенен біз тұрғанда, ешқашан да жол жоқ!
Мұхтар Ақжүніс
Абай атындағы үш тілде оқытатын
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған сыныптары бар
мектептің 7 «І» сынып оқушысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!