Сейсенбі, 24 желтоқсан, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ғ.Қазантаев: Білім беру ұйымдарының мәселесін кейінге қалдырмау керек

05.06.2021

1604 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев шаһарымыздағы бірқатар білім беру ұйымдарын аралады.

Шаһар басшысы П.Осипенко атындағы №8, А.Байтұрсынов атындағы №211, Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектептері мен Н.Ильясов атындағы №9, №212 мектеп-гимназиясы және Ы.Алтынсарин атындағы №10, Б.Шалғынбаев атындағы №217                                     мектеп – лицейлерінің жай-күйін көріп, «№6 Балбұлақ» балабақшасы мен «№4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжайының негізгі мәселелерін назарға алды.

Ғ.Қазантаев: Білім беру ұйымдарының мәселесін кейінге қалдырмау керек

Алды 80 жылдан бері, кейінгісі 30 жылдан аса уақыт қызмет етіп келе жатқан білім беру ұйымдарына ортақ мәселе барлығы да күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Мәселен 1940 жылы негізі қаланған Полина Осипенко атындағы №8 орта мектебінің  2010 жылы Қ.Әбенов көшесіндегі ғимараты апаттық жағдайда деп танылып Қонаев көшесі №23 мекен-жайға көшірілген. Бұл ғимарат 1938 жылы салынған. Ғасырға жуық қызмет еткен білім ұясын күтіп ұстау жұмыстары жүйелі жүргізілгендігімен, жыл санап ғимарат тозып, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр.

Ғ.Қазантаев: Білім беру ұйымдарының мәселесін кейінге қалдырмау керек

Дәл осы мәселе қала орталығындағы №3 ірілендірілген квартал аумағындағы  «№6 Балбұлақ» балабақшасына да қатысты. 1979 жылы пайдалануға берілген 140 орындық балабақшада қазіргі таңда       75 бүлдіршін тәрбиеленуде.  Бөбекжайдың тозығы жетіп, аса күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сұранып тұр.

Ғ.Қазантаев: Білім беру ұйымдарының мәселесін кейінге қалдырмау керек

Аралау барысында білім ұяларының жағдайы мен жайын екшеп, маңызды мәселелерін көрген қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы бұл мәселелерді шешуді кейінге қалдырмай, тез арада тиісті шараларды қолға алу керек екендігін айтып, жауаптыларға білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын жуық арада дайындап, білім басқармасы арқылы облыстық бюджетке өтінім беруді тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: