Бейсенбі, 23 қаңтар, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Ғылым министрлігі блогерлер өткізетін курстардың сапасын тексермейді

23.01.2025

107 0

Фото: «Бурабай-Даму» ЖШС баспасөз қызметі

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки блогерлердің ақылы негіздегі сапасыз білім беру курстарына қатысты пікір айтты. Бұл туралы kazinform. kz хабарлады.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында блогерлердің осындай курстарын Ғылым министрлігінің қадағалауы мүмкіндігі туралы сұрады. 

Өз кезегінде вице-министр бұл сұрақ Ғылым министрлігінің құзыретіне жатпайтынын айтты. 

– Блогерлікпен айналысу бұқаралық ақпарат құралы саласына қатысты. Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды насихаттауға атсалысып, ғылыммен айналысудың маңыздылығын ілгерілетіп жүрген әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Сондықтан біз оған қарсы ешқандай алдын алу шараларын қабылдамаймыз және бұл біздің құзыретімізге жатпайды, — деді Д. Ахмед-Заки.

Еске салсақ, былтыр күзде елімізде ресми түрде 745 блогер тіркелгені мәлім болды. Олар 2024 жылдың 9 айында мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам салық төледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: