2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесін мыңдаған талапкер мен ата-аналар тағатсыздана күтіп отыр, – деп хабарлайды kursiv.media.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, грант иегерлерінің толық тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Нақты әрі сенімді мәліметті тек ресми дереккөздерден қарау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары:
- Веб-сайт: www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
- Telegram: t.me/gylym_jogary_bilim
- Facebook: facebook.com/gylym.jogarybilim
- Instagram: instagram.com/gylym_jogarybilim
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:
- Telegram: t.me/uto92
- Instagram: instagram.com/testcenterkz
- Facebook: facebook.com/testcenterkz
Министрлік жалған ақпаратқа сенбеуге және күдікті сайттардан, бейресми Telegram-арналардан тізім іздемеуге шақырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!