Сәрсенбі, 03 желтоқсан, 15:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Грантпен оқығандардың қаншасы мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр?

03.12.2025

45 0

Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжілістің жалпы отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Қобенова мемлекеттік грантпен оқыған түлектердің 70 пайызы жұмыспен қамтылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Вера Ким ведомство өкіліне сұрақ қойды.

Соңғы 3 жылда мемлекеттік грантты өтеу міндеттемесін түлектердің шын мәнінде қаншасы орындады? Мысалы, “тарих пәнінің мұғалімі” мамандығын бітіріп, кітапханашы болып кеткендерді есепке алмағанда, нақты процент қандай? Өз міндетін орындаудан бас тартқандар қанша? Қаржы орталығы бақылауды күшейту және қаражатты қайтару үшін қандай шаралар қабылдап жатыр? Сондай-ақ грантты өтеу механизмін өңірлердегі кадр тапшылығын азайту және жастарды ауылға тарту міндетіне сәйкестендіру қалай жоспарланып отыр?, – деді депутат.

Гүлзат Қобенованың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқыған түлектердің 70 пайызы жұмысқа орналастырылған.

Қалған 30 пайызы – заңнамада қарастырылған объективті себептермен міндеттемеден босатылғандар: магистратурада оқу, бала күтіміне байланысты демалыс және өзге де жағдайлар, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, жұмысқа орналасқан түлектердің ішінде 80 пайызы мамандығы бойынша қызмет атқарып жүр.

Статистикалық деректер мұны растайды. Ал қалған 20 пайызы бойынша Қаржы орталығы тиісті жұмысты жүргізіп отыр: бұл — шағым-дау жұмыстары, сотқа талап-арыз дайындау немесе істің сотта қаралуы. Әрине, бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Қазір Қаржы орталығы ақпараттық жүйелерді біріктіру және процестерді автоматтандыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда Қаржы орталығының базасы Еңбек министрлігімен, жұмыспен қамту орталықтарымен интеграцияланған. Онда біз түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін және мамандығы бойынша жұмыс істеп-істемейтінін көре аламыз. Сондай-ақ база сот органдарымен де біріктірілген, – деді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: