Сейсенбі, 24 желтоқсан, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Халің қалай, балалар басылымы?

04.06.2024

547 0

Бүгінгі баланы кітап емес, телефон тәрбиелеп жатқаны бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Смартфонда сағаттап уақыт өткізген баланың нендей ақпарат алып жатқаны да беймәлім.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың арнайы тапсырмасымен «Шығармашылық интеллигенция – балаларға» атты басқосу өтті. Жиында Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Әскербекқызы жиын барысында бірінші видео үндеу жасап, басқасудың мазмұнды өтуіне сәттілік тіледі. Жиынға республикадағы белгілі балалар басылымының редакторлары, атап айтқанда, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдәқызы, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы, «Ақ желкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы, «Алан кіds» журналының бас редакторы Әсел Тыныбаева, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев және тағы басқа балаларға арналған басылымдардың редакторлары және мектеп директорлары, кітапханашылар, мұғалімдер қатысты. Басқосу түйінінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасы директорының орынбасары Асанова Райхан Файзуллақызы сөз сөйлеп, балалардың оқу мәдениетін қалыптастыруда мұғалімнің рөлі зор екенін атап айтты.

Кездесуде жас буынның кітап, газет-журнал оқу мәдениетін қалыптастыру, балаларды оқуға қызықтыру жайы кеңінен талқыланды. Жасыратыны жоқ, медиа нарығында бәсекеге қабілетті, сапалы, мазмұнды балаларға арналған кітап та, журнал да аз емес. Алайда оқитын бала азайып бара жатқаны дабыл қағатын мәселе. Бала күнінен газет-журнал оқып, редакцияға хат жазып үйренбеген бала ертеңгі күні кітап оқымайтыны белгілі. Жас буынның ана тілінде сауатты жазып, өз ойын анық жеткізуі бүгінде ойланарлықтай мәселеге айналып бара жатқанын алға тартқан «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы қоғам болып ұлт болашағын тәрбиелеуге үлес қосу керек екенін айтты. «Ақ желкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы қазіргі жастардың сауатты жазу деңгейі төмен екенін қынжыла айтқаны көпке ой салды.  Басқосуда сөз алған «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев мекеме арқылы балалар басылымына жазылуға мүмкіндік жасалғанын жеткізді. Бүгінгі баланы кітап пен журнал тәрбиелесін десек, ата-ана бұл мәселеге ерекше мән беру қажет. Аға буын үлгі болып, балалардың кітап, газет-журнал оқуына ықпал ете білсек, ұлт тәрбиелеуде ұтарымыз аз болмасы анық. Бүгінгі басқосудың түйіні осы болды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: