Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде «Ана деген таусылмайтын жыр-дастан!» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиынға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы қатысып, білім беру саласының басшыларын құттықтады.
– Құрметті арулар, ардақты аналар! Сіздерді шұғылалы көктемнің мерейлі мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша қасиетке ие!
Нәзік жандылар бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне өзіндік үлесін қосып келеді. Осы өлшеусіз еңбектеріңізді жоғары бағалай отырып, шексіз алғысымды білдіремін.
Мерейлі мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, еңбектеріне табыс тілеймін. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын,– деді білім бөлімінің басшысы Е.Теңізбайұлы.
Кездесуде А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарған Көшкенбаева Алия Сейдуалиқызын зейнетке шығуымен құттықтап, арнайы құрмет көрсетті. Сондай-ақ, жиынға жиналған барша аруларға гүл шоқтары мен арнайы сертификаттар табысталды.
Салтанатты шара мерекелік көңіл күй сыйлайтын концертпен жалғасын тапты.
©️Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!