Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова Үшінші жақтағы университеттердің халықаралық қауымдастығы (AIUTA) өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандумның мақсаты – «Үшінші жақтағы университеттер» концепциясын дамыту және ілгерілету, атап айтқанда қарт адамдардың әлеуметтік және мәдени өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Мұндай серіктестік қарттардың білім алуын қолдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті үшін бұл халықаралық ынтымақтастық өз тәжірибесін байытып, «Күміс университеттер» жобасын дамытуға жаңа серпін берері анық. Сонымен қатар, университет қарт адамдардың білім алу және әлеуметтік белсенділік саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге мүдделі.
Айта кетсек, аталмыш ынтымақтастық туралы меморандум Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Үшінші жақтағы университеттер халықаралық қауымдастығының (AIUTA) президенті, Франциядағы Тулуза университетінің профессоры Франсуа Веллас және қауымдастықтың басқарма мүшесі, Словакияның Братислава Экономика университетінің жанындағы Үшінші жақтағы университет директоры, профессор Янка Себера Хладецканың ресми сапары аясында өтті.
Сапардың басты мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, үшінші жаққа арналған білім беру саласында тәжірибе алмасу, Қазақстандағы «Күміс университеттердің» даму стратегияларын талқылау және қазақстандық қауымдастықты халықаралық деңгейге шығару.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!