Бейсенбі, 11 желтоқсан, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Химия, физика және биологияны бір пән ретінде біріктіру: министр пікір білдірді

11.12.2025

26 0

Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде жаратылыстану ғылымдарын бірыңғай пәнге біріктіру бойынша ведомство ұстанымын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Біраз уақыттан бері қоғамда мектептегі жаратылыстану пәндері біріктірілетіні туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Министр Алматыда өтіп жатқан II халықаралық жас ғалымдар конгресінде осы турасында пікір білдірді.

«Бір мәселеге нүкте қойғым келеді. Қазір жаратылыстану ғылымдарын – физика, химия және биологияны бір пәнге біріктіру идеясы қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын нақты көрсетті, бұл пәндер біріктірілмейді», – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, «физика физика, химия химия, биология биология болып қала береді және бөлек оқытылады».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: