Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 13:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Игорь Дроздовский: Ғарышты ынтымақтастықпен игеру қажет

14.04.2021

1360 0

Астронавт деген кім және бұл мамандық иесі немен айналысады? Адам ғарышқа аттану үшін қандай дайындықтан өтеді? Ғарыштық ғылымның таңғажайып әлеміне қатысты бұл сұрақтарға шетелдік астрофизик Игорь Дроздовский жауап берді.

Игорь Дроздовский: Ғарышты ынтымақтастықпен игеру қажет

Дәстүр бойынша «даналық алаңында» спикермен өткен тікелей эфирге еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қосылды. Германиядағы Еуропалық астронавттарды даярлау орталығының ғылыми қызметкері Игорь Олегович өз баяндамасында адамзаттың ғарышқа ұшуының мақсаттары туралы түсіндіріп, ғарыш станциясынан жерді бақылау нәтижелеріне қатысты қызықты ақпаратпен бөлісті.

Тыңдармандарды болашақ ғарышкерлердің жасанды ғарыштық аналогтарда өтетін даярлау курстары ерекше қызықтырды. Жас зияткерлер жер бетінде ғарыштық ұшулар алдында геологиялық іздеу, сынамалар алу, жер асты және жер үсті экспедициялары туралы білді.

– Мен ешқашан ғарышкер болуға ұмтылған жоқпын, оған себеп, бой өлшемінің шектеулері болды. Соған қарамастан, мен зымыранмен көкке көтерілмесем де, ғаламшар туралы білуге ерекше қызығушылық таныттым. Бұрын бізге фантастика болып көрінген көптеген нәрселер қазір шындыққа айналуда. Барлық ғарыш агенттіктерінің халықаралық ынтымақтастығының арқасында ғарышты одан да тез игеруге мүмкіндік бар, – дейді ғалым.

Кездесу соңында Игорь Дроздовский ғарыш әлемінде жаңалықтар ашуда қазақстандық азаматтардың қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол болашақта Зияткерлік мектеп оқушыларына арнап шеберлік сыныптар мен оқу-семинарларын өткізуге дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Игорь Дроздовский бірнеше жылдан бері NIS-пен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Алғаш рет ғалым 2019 жылы «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында өткен IX Наурыз кездесулерінде оқушыларға шеберлік сыныптар өткізіп, автронавтиканың қыр-сырымен таныстырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: