Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Информатикаға қызығушылық басым

04.05.2023

703 0

Жаңашылдық – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыны заман талабына сай етіп дайындап шығару. Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, заманауи байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, түрлі ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді.
Заманауи ақпараттық қоғамды қалыптастырудағы жаһандық процестері әсерінен адамдардың ақпараттық қоғамы аясында дамуына және көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай ақпараттық қоғам кеңістігінде қажетті білім мен бағдарлау дағдыларын меңгерген қоғам мүшелері ғана осы аталған заманауи ақпараттық саланы толық пайдалана алады. Сондықтан мектеп кезден бастап білім берудің басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпаққа информатика пәнін және оның дүниетанымдық деңгейін жан-жақты арттыруға мүмкіндік беру.
Аталған пәннің мұғалімі ретінде айтар болсам, орта мектепте информатиканы оқытудың проблемалары мен перспективалары туралы айтпас бұрын басты мәселе – оқушылардың информатиканың пән ретінде маңыздылығын, сондай-ақ саланың нақты сипаттамасын, оның мақсаттарын білуі. Информатика – бұл жалпы білім беретін пән және оған жалпы орта білім берудің ерекшеліктері мен міндеттерінен туындаған жүйелік тұрғыдан қарау керек. Сонымен қатар информатика бүкіл ақпараттық қоғамды айқындайды.
Қазіргі уақытта балалар компьютердің бар екенін біліп қана қоймай, ол туралы жай ғана түсінікке ие болып қана қоймай, онымен жұмыс істей білуі керек. Осы техниканы қолдана білуі қажет. Сол себептен біз сабақ барысында оқушыларға барынша пәннің маңыздылығымен қоса компьютерді тереңінен меңгеруге үйретеміз. Тіпті бұл пәнге қызығушылықпен қатысатын балалар саны артып келеді.
Иә, түсіне білген адамға информатика – бұл пәндер немесе процестер туралы емес, оларды автоматтандыру, құру және жұмыс істеу әдістері, құралдары мен технологиялар туралы ғылым. Бұл пән оны терең зерделеуді ғана емес, сондай-ақ теориялық білімді, біліктікті және дағдыларды іс жүзінде қолдануды көздейді.
Сонымен бірге оқушылардың шығармашылық қиялын, шынайы ғылымилықпен үйлестіріп дамытуға бағыттайтын шығармашылық қызмет түрі ретінде информатиканың алатын орны ерекше. Информатика ғылыми-педагогикалық сала ретінде қоғамның одан әрі даму процестеріне көбірек әсер етеді.
Бүгінде қоғамның жалпы әлеуетін және оның даму перспективаларын анықтайтын басым факторға айналды. Себебі қоғамды ақпараттандыру – қазіргі өркениеттің маңызды құрамдас бөлігі.


Аймереке ЖОЛАМАН,
Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің
информатика пәнінің мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: