Инклюзивті білім беру бойынша Қазақстанда алғаш рет өткен әлемдік конгресс – саладағы жаһандық диалогтың жаңа кезеңін бастауға және педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыруға серпін берді. Елімізде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 93,3%-ды құрайды. Ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар саны 87%-ға жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Саланы дамытудың жаңа кезеңі басталды
Инклюзивті білім беруді жүйелі дамыту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда және кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында педагог-ассистент штаттары енгізілді. Бұл бастама ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Еліміздің білім беру ұйымдарында 3,8 мың педагог-ассистент және 10 275 арнайы педагог қызмет атқарып жүр.
Жеке көмекші лауазымы
Сондай-ақ мектептерде мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға жеке көмекші лауазымы енгізілді. Нәтижесінде 129 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға физикалық сүйемелдеу көрсетілді, оның ішінде бұрын үйде оқыған 45 бала жалпы білім беретін мектептерде білім алуға мүмкіндік алды.
516 арнайы ұйым
Елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Бүгінде 516 арнайы ұйым жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аутизм орталықтарының желісі кеңейтіліп жатыр, сондай-ақ ерте жастан бастап мамандық алуға дейінгі балаларды кешенді сүйемелдеу тұжырымдамасы бекітілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
