Жексенбі, 24 қараша, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Инклюзивті білім беру – заман талабы

31.05.2022

2187 0

Қазіргі білім беру бағдарламасын инклюзивті білім берусіз елестету мүмкін емес. Инклюзивті білім беру – баршаның сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі. Ол балалардың зияткерлік, мәдени этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына орай айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды ортаға қосуды, олардың сапалы білім алуы үшін әлеуметтік бейімделуін көздейді.             

Өткен замандардан бері инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Атап айтар болсақ,  АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия секілді алып мемлекеттерде осы үрдіс тұрақты қолға алынған. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған. Жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырым­дамалық тәсілдері халықаралық ережелерге сәйкес әзірленген. Денсаулығы әлсіз және мүгедектігі бар балаларға білім беру мәселесі бүгінгі күні де күн тәртібінен түскен емес. Сондай-ақ тиісті назар аударуды талап етеді. Себебі жыл сайын психикалық және физикалық дамуында ақауы бар, туа біткен немесе жүре пайда болған ақаулықтары бар балалар саны арта түсуде. ҚР заңнамасында барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған.

Осыған орай, мектебімізде инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасы әзірленіп, жұмыс істеуде. Аталған бағдарламада аясында ерекше балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Осы мақсатта мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрдастырымен бірге білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндігі бар. Және олар қоғам өміріне белсенді қатысу құқығына ие. Сондықтан педагогтар алдында жауапкершілікпен жұмыс істеу міндеті тұр.

Ерекше қабілеті бар балаларды оқытудың негізгі жүйесі инклюзивті білім беру тетігіне тығыз байланысты. Осы мақсаттағы іс тәжірибелік және теориялық тұрғыдан үндестік тапса бұл бағытта­ғы шаралар дұрыс жолға қойылады. Сондай-ақ, инклюзивті білім берудің инновациялық жолдары дамып, компьютерлік технология, интерактивті тақтамен дәріс алудың маңыздылығы артады. Сонымен қатар келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде кедергілер болмақ емес.

Гүлмира СЕМБИЕВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, практикалық ағылшын тілі кафедрасы оқытушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: