Соңғы кезде мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға жиі көңіл бөлінуде. Әсіресе, олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық демеу және қолдау көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жүр. Сондай шараның бірі бүгін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназияда «Инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен педагог-ассистенттеріне арналған облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудағы арнайы мамандардың құзыреттілігін арттыру. ЕББҚ оқушымен жұмыс барысындағы тиімді әдіс-тәсілдерді үйреніп, өзара тәжірибе алмасу.
Шара Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жомарт Құлмағанбетұлына, Облыстық тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының тәрбие бөлімінің әдіскері, психолог Раушан Мустафаеваға және мектеп-гимназия директоры Роза Тағыбергенқызы қатысты.
Жақсы психолог адам жаны мен сырына қанығуы арқылы олардың ішкі әлеміне үңіле алатын ерекше мәртебелі мамандық иесі, Адам жанының бағбаны, шыдамдылық пен табандылықтын үлгісі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!