Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушысы, Kyzylorda Hub кәсіпкерлік орталығының резиденті Саят Урикбаев «Smart Bench» жобаcын іске асыруда.
Smart Bench– күн батареяларынан қуаталатын “ақылды” орындық. Мақсаты – күн сәулесімен жұмыс істейтін орындықтарды орнату арқылы кампус ландшафтын өзгерту.
«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттеріне арналған инновациялық-эко жобаның дайын үлгісі бас оқу ғимаратының жанына орнатылды. Бұл жоба арқылы өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға септігімді тигізгім келеді. Smart Bench күн панельдері орнатылғаннан кейін қолдануға толық дайын болады»,- деді Саят Урикбаев.
Айта кетейік, «CHEVRON» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» жобалар сайысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Темірлан Абжанов пен Саят Урикбаев жобаларын таныстырып, грант иеленген болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!