Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ІТ мамандарға 5 млн теңге сыйақы беріледі

03.10.2022

676 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде бес жылдан бері кәсіп ашуға қызығушылығы бар жастар үшін «Кәсіпкерлік орталығы» жұмыс істейді. Сәйкесінше, биыл алғаш рет Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» атты инкубациялық жоба іске қосылмақшы. Бұл жоба 16 қазан-16 қараша аралығында өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Businees start» кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев мәлімдеді.

-Біздің орталық жастардың инновациялық және IT саласының жобаларын дамытумен айналысып келеді. Өңірде Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» атты инкубациялық кезеңін өткізбекшіміз. Мұнда облысымыздағы барлық IT мамандарды жинап, өздерінің идеялары мен ерекше жобаларын дамытуға атсалысамыз. Аталмыш жобаға қатысу арқылы өзіңіздің IT жобаңызды іске қосудың тиімді тәсілдерін және алғашқы инвестицияны тартуды үйренесіз. Стартап-инкубатор бағдарламасының қатысушыларының арасында 5 млн. теңге көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, бүгінде ENACTUS KAZAKHSTAN-ның бас офисі арасында меморандум жүргізілуде, -деді Жанарыс Түбекбаев.

Сонымен қатар, студенттер мен оқушылар үшін «HACKHATON» конкурсы ұйымдастырылуда. Студенттерге 450 000 теңге қаржылай сыйақы, ал мектеп оқушылары үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен арнайы грант бөлінеді. Бұдан бөлек, облыс жастары арасында дәстүрлі түрде «PECHAKUCHA» танымдық-тренинг ұйымдастырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: