Сейсенбі, 22 шiлде, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Энергетика саласында сұранысқа ие бағыттар бойынша 1500 грант бөлінді

22.07.2025

73 0

Фото: SeventyFour/Getty Images

2025 жылғы 13 шілдеде елімізде білім беру гранттары конкурсына, сондай-ақ ақылы негізде оқуға өтініштер қабылдау басталды. Осы орайда Энергетика министрлігі энергетика саласында сұранысқа ие бағыттар бойынша 1500 грант бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2025/2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясында энергетика саласында сұранысқа ие техникалық бағыттар бойынша келесі гранттар бөлінген:

  • «В062 – Электротехника және энергетика» бағыты бойынша – 1000 грант;
  • «В162 – Жылуэнергетика» бағыты бойынша – 500 грант (толық және қысқартылған оқу түрлерін қоса алғанда).

Министрліктің мәліметінше, еліміздің энергетика саласының белсенді дамуына және заманауи технологияларды қолданатын жаңа энергия өндіруші нысандардың пайда болуына байланысты жаңа буынның білікті мамандарына сұраныс артып отыр.

Әсіресе электр желілерін, газ турбиналарын, бу-газ қондырғыларын және атом электр станцияларын жобалау, құрастыру және пайдалануға беру салаларында мамандар қажет.

Энергетика саласын кадрлармен қамтамасыз ету жетекші салалық жоғары оқу орындары және өндірістік компаниялармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Мұндай модель түлектердің еңбек нарығы талаптарына тез бейімделуіне және нақты энергетика нысандарына жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк ҚБТУ мен «Нархоз» университетінде білім алу үшін 19 грант бөлінген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: