Сейсенбі, 25 қараша, 12:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Катардағы WISE 2025 саммитінде Қазақстан білім беру реформаларын таныстырды

25.11.2025

47 0

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

24-25 қарашада Дохада «Humanity.io: білім берудің өзегіндегі адами құндылықтар» тақырыбымен WISE 2025 – білім берудегі инновациялар жөніндегі 12-ші әлемдік саммит өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға білім, ғылым, технология және әлеуметтік саясат саласындағы 200-ден аса халықаралық сарапшы қатысып жатыр. Қазақстан делегациясын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастап барды.

Саммитте жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуы жағдайында адами құндылықтарға негізделген білім беру жүйесін қалыптастыру, инновациялық модельдерді енгізу және жоғары білімдегі дағдыларды трансформациялау мәселелері талқыланды. Бағдарлама бес стратегиялық бағытты қамтыды: адам қажеттіліктеріне бағдарланған білім, жаңа оқу модельдері, жүйелік өзгерістер, экономикалық мүмкіндіктер мен әлеуметтік тұрақтылық арасындағы байланыс.

Форум аясында өткен министрлер дөңгелек үстелінде жаһандық трендтер мен тұрақты білім беру саясатының үлгілері, сондай-ақ адамға бағытталған білім жүйесін дамытудағы мемлекет рөлі сөз болды. Қатысушылар халықаралық серіктестік пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.

Georgetown University Qatar студенттері алдында Саясат Нұрбек «Жаһандық деңгейде әрекет – жергілікті деңгейде ойлау: білім реформалары» тақырыбында дәріс оқыды. Ол Қазақстандағы білім трансформациясының негізгі бағыттарын таныстырды: әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің 40 филиалын ашу, жасанды интеллект бойынша ұлттық құзырет орталығы – AI University құру, «Болашақ» бағдарламасын жаңарту және Coursera, NVIDIA секілді платформалармен интеграция арқылы жаңа буын мамандарын даярлау.

Саммит қатысушылары Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: