Дүйсенбі, 25 қараша, 09:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Келесі жылдан бастап барлық мектептер бес күндік оқуға көшеді – Аймағамбетов

19.08.2022

812 0

Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Келесі жылдан бастап үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына ауысады. Біз осындай шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Біз мұғалімдердің сенбі күні демалуы тиіс деп санаймыз. Мұғалімдер сенбі күні өз балаларының қасында болуы керек. Бұл мектеп директорларына да, оқу меңгерушілеріне де қатысты», – деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Министр бұл өзгеріс ұстаздардың еңбек демалысына әсер етпейтінін атап өтті.

«Бұл еңбек демалысына әсер етпейді. Демалыс уақыты 56 күн болып өзгеріссіз қалады. Оның үстіне мен мектеп директорларына мынаны айтқым келеді: сенбі күні кейбір әріптестер әдістемелік күндер өткізіп немесе мұғалімдерді қалай да болсын мектепке шақыртып алады. Менің ойымша, бұл практиканы тоқтату керек. Мұғалімдер де, директорлар да бес күн жұмыс істеуі керек», – деді ведомство басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: