Бейсенбі, 26 желтоқсан, 01:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кітап көп оқыған адамның ұзақ өмір сүретіні рас па?

26.09.2022

1131 0

Кітап көп оқыған адамның дүниетанымы кең, білімі мол, өте сауатты болатыны рас. Ал кітап оқудың өмірді ұзартатыны жайлы не білеміз?

Осы сауалдың жауабын білмек мақсатта АҚШ-тың Yale University-нің мамандары арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Зерттеушілер 50 жастан асқан 3635 адамнан «кітап оқисыз ба әлде жоқ па?» деген тақырыпта сауалнама алған. Сауалнама қорытындысына сүйеніп, қатысқан адамдарды үш топқа бөлген: кітап оқымайтындар; аптасына 3,5 сағат кітап оқитындар; аптасына 3,5 сағаттан көбірек кітап оқитындар.  

Ғалымдар сауалнамаға қатысқан адамдарды 12 жыл бойы бақылауда ұстаған. Сонда зерттеушілер кітап көп оқитын адамдардың оқымайтындарға қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін байқайды. Шамамен, 2 жылдай ұзақ болған.

Тағы бір қызығы – кітап оқитындардың әлеуметтік жағдайы, бақ-дәулеті, денсаулығы мен білім деңгейі әртүрлі болғаны. Өмір жастың ұзақтығы мұндай критериялер қарамайтын көрінеді.

Тағы бір факті: кітап оқитындардың өлімі кітап оқымайтындарға қарағанда 5 есе аз болған.

Бұл жерде ескере кетер бір дүние бар. Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу мен жалпы оқуды шатастырмау керек. Мәселен, кітап оқу мен күнделікті басылым мен хабарларды оқу – бір емес. Өйткені кітап оқу адамның когнитивті қабілетін, ойлау жүйесін жақсартады. Ондай адамға қарттық ерте келе қоймайды. Ол үшін кітапты асықпай, мұқият отырып оқу қажет. Кітап оқудың екінші пайдасы – эмоционалды әсер беретіні. Адам кітап оқып отырып кейіпкерлердің тағдырына алаңдайды, әлеуметтік қабылдаудан өткізеді әрі эмоционалды интеллектісін күшейтеді.

Ғалымдар «кітап оқу адамды сабырлы етеді, күйзелістен арылтады» дейді. 

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: